Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының 3-ші күнінің нәтижелері

28 ақпан

Еркін күрес шеберлері екі салмақта жеңімпаздарды анықтады

Шымкентте күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші күні мәресіне жетті. Бүгін еркін күрес балуандары жарысты бастап, екі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

61 келі салмақ дәрежесінде қызылордалық Дәулет Ниязбековтің мерейі үстем болды. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, бірнеше халықаралық жарыстарда топ жарған Дәулет өзінің тәжірибелі балуан екенін Шымкентте төселген боз кілемде тағы бір мәрте дәлелдеді. Финалда ол Алматы қаласынан келген Қайрат Әміртаевты жеңді. Қола медаль қарағандылық Азад Оганесян мен алматылық Қуат Әміртаевқа бұйырды.

74 келі салмақтың бас жүлдесі де Қызылорда облысына жол тартты. Рио-де-Жанейро Олимпиадасында бесінші орынға ие болған Ғалымжан Өсербаев финалда алматылық Болат Сақаевты белдесудің соңғы секундтарында сан соқтырып кетті. Финалдың айқас өте тартысты өтті. Алғашқы үш минутта Болат Ғалымжаннан 3:0 есебімен алда тұрған еді. Бірақ, қызылордалық балуан жігерлік танытып, екінші кезеңде таразы басын теңестірді. Бұдан кейін Сақаев 5:3 есебімен тағы да алға шықты. Белдесу аяқталуға санаулы секундтар қалғанда Ғалымжан дегеніне жетіп, жеңісті жұлып әкетті.

Бүгін 97 келі салмақ дәрежесі бойынша да жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталуы тиіс еді. Алайда, техникалық себептерге байланысты финалдық белдесулер ертеңге қалдырылды. Сондай-ақ, ертең 57, 65, 70, 86 және 125 келі салмақта жеңімпаздар анықталады.

Еркін күрестен 61 және 74 келі салмақ дәрежелерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

3-күн

61 кг.

1. Дәулет Ниязбеков (Қызылорда обл.);

2. Қайрат Әміртаев (Алматы қ.);

3. Қуат Әміртаев (Алматы қ.);

3. Азад Оганесян (Қарағанды обл.);

74 кг.

1. Ғалымжан Өсербаев (Қызылорда обл.);

2. Болат Сакаев (Алматы қ.);

3. Нұрлан Бекжанов (Астана қ.);

3. Айдар Балданбаев (Ақтөбе обл.);

469 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: