Шымкентте ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

01 мамыр

Бүгін Шымкенттегі Жеңіл атлетика манежінде күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні балуандар 6 салмақта, яғни, 55, 63, 67, 77, 87 және 130 келі салмақтарда күш сынасып, финалдық кезеңге шыққан мықтыларды анықтады.

Қазақстан чемпионаты биыл бірінші рет 10 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр. Балуандар былтыр желтоқсан айында Қарағандыда Нүркен Әбдіров атындағы турнирде 10 салмақ дәрежесінде белдесіп, нәтижесінде жеңімпаз бен жүлдегер атанғандар ұлттық құрамаға алынған болатын. Бұл жолы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткендер тамыз айында Джакартада (Индонезия) өтетін жазғы Азия ойындарына қатысады. Төрт жылда бір келетін жазғы Ойындарда балуандар Олимпиада бағдарламасына қосылған алты салмақта ғана күш сынасады.

Финал

55 кг. Аманғали Бекболатов (СҚО) – Хорлан Жаханша (Алматы қ.)

63 кг. Ернұр Фидахметов (ШҚО) – Айдын Нұғыманов (Алматы обл)

67 кг. Мейіржан Шермаханбет (ОҚО) – Абылайхан Әмзеев (ОҚО)

77 кг. Асхат Ділмұхамбетов (Алматы обл) – Нұржан Надыров (Жамбыл обл)

87 кг. Азамат Кұстыбаев (г.Астана қ.) – Хусейн Муцольгов (Қарағанды обл)

130 кг. Нұрмахан Тінәлиев (Алматы обл.) – Антон Савченко (Павлодар обл)

Бүгінгі өткен белдесулердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ертең белгілі болады. Сондай-ақ, ертең қалған төрт салмақта, 60, 72, 82 және 97 келідегі балуандар бозкілемге шығады.

134 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: