​Жәмилә – қола жүлдегер

28 қаңтар

Жәмилә – қола жүлдегер

Ресейдің Красноярск қаласында еркін және әйелдер күресінен Иван Ярыгин атындағы Гран-при жарысы өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Гран-при турнирінде Қазақстан балуандарына бір қола медаль ғана бұйырды. Оны қыздар күресінде 72 келі салмақта күрескен Жәмилә Бақбергенова жеңіп алды.

Жәмилә алғашқы айналымда қытай балуанынан ұтылып еді. Бірақ, қола медаль үшін болған белдесуде жігерлілік танытып, ресейлік балуаннан 8:5 есебімен айласын асырды.

807 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: